706
Павлодар облысында ер адам әпкесінің үйінен шығып, жоғалып кеткен
Қазіргі уақытта қайда екені белгісіз.
Баянауылда ер адам әпкесінің үйінен шығып, жоғалып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.
«VITA» еріктілер ұйымының мәліметінше, 26 сәуір күні Төлеген Жүсіпов Баянауыл ауылында тұратын әпкесінің үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен.
«Қазіргі уақытта оның қайда екені белгісіз. Ол Қаражар немесе Жаңажол ауылында орналасуы мүмкін», – дейді іздеу жасағы.
Ерекше белгілері: бойы 165 сантиметр, арық денелі, көзі қара, қара шашты, шашының ағы бар, сақауланып сөйлейді. Қара күрте, қара трико және кроссовка киген.
Еріктілер жоғалған адам туралы ақпараты бар кез келген адамды +7(747)615-55-63 – Катерина, +7(777)334-82-01 – Светлана немесе 102 қызметіне хабарлауды сұрайды.