Азия чемпионаты: қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары анықталды

Құрлықтық дода финалында 13 спортшы шаршы алаңға шығады

Азия чемпионаты: қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары анықталды
olympic.kz

Астана қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы 2024 жылғы Азия чемпионатында қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Құрлықтық дода финалында 13 спортшымыз шаршы алаңға шығады. 

48 келі. Вишванат Суреш (Үндістан) - Ернар Қарап

51 келі. Асылбек Жалилов (Өзбекстан) - Кенже Мұратұлы

54 келі. Энсайхан Оюн-эрдене (Моңғолия) - Нұрсұлтан Алтынбек

57 келі. Ерболат Сабыр - Нихил (Үндістан)

60 келі. Рамиш Горха (Үндістан) - Руслан Күзеубаев 

63.5 келі. Ерасыл Таңқай - Абдулло Мадаминов (Өзбекстан)

67 келі. Ернұр Сүйінбай - Малик Прит (Үндістан)

71 келі. Сабыржан Аққалықов - Довуд Махамов (Тәжікстан)

75 келі. Жавохир Умматалиев (Өзбекстан) - Диас Молжігітов

80 келі. Ализада Қайс (Ауғанстан) - Ерасыл Жакпеков

86 келі. Темірлан Мұқатаев (Қазақстан) - Самандар Жалолов

92 келі. Бекнұр Батырбек (Қазақстан) - Ризабек Ашан (Қытай)

92 келіден жоғары. Жахонгир Зокиров (Өзбекстан) - Аманат Сабырғали

Ал аталған жастағы қыздар арасында финалда Қазақстаннан 10 боксшы бас жүлдені сарапқа салады.

50 келі. Гүлнар Тұрапбай - Таманна (Үндістан)

52 келі. Феруза Казакова (Өзбекстан) - Анита Адишева

54 келі. Прити (Үндістан) - Элина Базарова

57 келі. Әнел Сақыш - Пунам (Үндістан)

60 келі. Аягоз Майхесути (Қытай) - Шахназ Исаева

63 келі. Анар Тұрсынбек - Прачи (Үндістан)

66 келі. Айсанем Саруарова (Өзбекстан) - Ақнар Ишанова

70 келі. Санех (Үндістан) - Жасмин Қизатова

81 келі. Акрам Патан (Үндістан) - Диана Мағауияева

+81 келі. Диорахон Абдуманнобова (Өзбекстан) - Елдана Талипова.