1307
Арнайы жасақ сарбаздары арасында жаппай төбелес болды
Жедел әрекет ету арнайы жасағының сарбаздары жаппай төбелес ұйымдастырып, жұмыссыз қалды.
Қызылордада арнайы жасақ сарбаздары жаппай төбелес ұйымдастырды, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға Қызылорда облыстық полиция департаментінде болған.
Stan.kz сайтының мәліметінше, жедел әрекет ету арнайы жасағының сарбаздары жаппай төбелес ұйымдастырып, жұмыссыз қалды.
Ақпарат бойынша оған әлімжеттік себеп болған.
Қызылорда облысының полиция департаменті сарбаздар арасындағы қақтығыс болғанын растады, бірақ оқиға 2023 жылы болған екен.
«2023 жылы Қызылорда облысы полиция департаменті арнайы жасақ қызметкерлері арасында қақтығыс болды. Осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, кінәлі адамдар ішкі істер органдарындағы жұмысынан шығарылды», – деп хабарлады облыстық полиция.
Олардың тікелей басшылары да қызметінен босатылған.