Grand Slam турнирі: Абылайхан Жұбаназар жартылай финалға жолдама алды

Енді ол финал жолдамасын жапондық Юшито Ходжомен сарапқа салады.

Grand Slam турнирі: Абылайхан Жұбаназар жартылай финалға жолдама алды
olympic.kz

Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық Абылайхан Жұбаназар жартылай финалға өтті, деп хабарлады turkystan.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

81 келі салмақта сынға түскен Абылайхан ширек финалда грузиядық Димитрий Гочилаидзені «иппон» ұпайымен жеңді. 

Сондай-ақ Жұбаназар жарыс барысында Тәжікстан мен Грекия балуандарынан басым түсті.

Енді ол финал жолдамасын жапондық Юшито Ходжомен сарапқа салады. 

Ал 73 келідегі Дархан Қойбаған жартылай финалда швейцариялық Нилс Стампқа есе жіберіп, қола медальға таласатын болды. Дарханнның кіші финалдағы қарсыласы - моңғолиялық Эрденбаяр Батсцая.