912
Қарағанды облысында жол апаты болып, бес адам көз жұмды
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
![Қарағанды облысында жол апаты болып, бес адам көз жұмды](https://turkystan.kz/cache/imagine/1200/uploads/resized-images/2024/05/1714736424.jpg)
3 мамыр күні Қарағанды-Балқаш тас жолында жол апаты болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Рено» жүк көлігімен «Тойота» автокөлігі бір-біріне соғылған.
«Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі және оның 4 жолаушысы оқиға орынындақаза болды. Жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері кезінде оқиғаның мән жайы және жол-көлік оқиғасына кінәлі анықталатын болады.