Су тасқыны: Зардап шеккендердің коммуналдық төлемдері кейінге қалдырылды

Су тасқынынан зардап шеккен тұтынушылардың тізімін (абоненттік нөмірлер) жергілікті атқарушы органдар қалыптастыратын болады.

Су тасқыны: Зардап шеккендердің коммуналдық төлемдері кейінге қалдырылды
inbusiness.kz
657

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы тұтынушылардың коммуналдық төлемдері бойынша шаралар қабылданды. Бұл туралы turkystan.kz Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Еліміздің бірқатар аймақтарында су тасқыны жағдайына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жалғасуда. Зардап шеккен қазақстандықтарға жан-жақты көмек көрсетілуде.

«ҚР Үкіметі тұтынушылардың коммуналдық төлемдерін төлеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Кейінге қалдыру наурыз және сәуір айларындағы коммуналдық төлемдерді қамтиды. Төлемді тұтынушылар өсімпұлсыз кейінірек жүзеге асыра алады», - делінген хабарламада.

Су тасқынынан зардап шеккен тұтынушылардың тізімін (абоненттік нөмірлер) жергілікті атқарушы органдар қалыптастыратын болады.

«Бұл тізімдер коммуналдық кәсіпорындарға жіберіледі, олар өз кезегінде коммуналдық төлемдерді кейінге қалдыру бойынша тиісті шараларды қабылдайды», - делінген хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары