АҚШ-та әйелін ұрып-соғып, тірідей көміп тастаған ер адамға үкім шықты
Наурызда ол қастандық жасағысы келгенін мойындады.
АҚШ-тың Вашингтон штатындағы әйелін ұрып-соғып, оны тірідей көміп тастаған ер адамға үкім шықты. Бұл туралы New York Post жазады.
54 жастағы Че Ген Он 2022 жылы қамауға алынған. Содан кейін ол әйелін аяусыз ұрып-соғып, пышақтап тастаған. Күйеуі оны скотчпен байлап, көлікке тиеп, орманға апарған. Әйел жолда смарт сағаттың көмегімен полиция шақырған. Че Ген Он әйелін таяз шұңқырға көміп, кетіп қалған. Ол жерде 12 сағат жатып, аман шыққан.
Наурызда ол қастандық жасағысы келгенін мойындады. Ер адамның адвокаты оның психикасы осал екенін және оның мінез-құлқына әсер ететін "тым көп дәрі" қабылдағанын айтты. Сонымен қатар, айыпталушының өзі "күн сайын өкінеді" деді.
26 сәуір күні сот Че Ген Онды 13 жылға бас бостандығынан айырды және әйелі мен балаларымен араласуға тыйым салды.