713
Астана қоғамдық көліктерінде жолақы қымбаттайды
Қоғамдық көліктегі жол жүру ақысы 20 теңгеге қымбаттайды.
Астанада жолақысы қымбаттайды, деп хабарлады turkystan.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, жазда қоғамдық көліктегі жол жүру ақысы 20 теңгеге қымбаттайды.
«Жолақы 10 жыл бұрын белгіленген болатын, ол кезде 90 теңге болды, ал енді 110 теңге болып өзгермек. Осы уақыт аралығында жүргізушілердің жалақысы мен бензиннің құны өзгерді, сондықтан бұл өте орынды деп ойлаймын», - дейді Жеңіс Қасымбек.