Телефон алуға жинаған ақшасын Құлсарыға жіберген 11 жастағы қызға сыйлық берілді

Кентаулық мектеп оқушысы ел ішінде болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамаған.

Телефон алуға жинаған ақшасын Құлсарыға жіберген 11 жастағы қызға сыйлық берілді
видеодан скриншот
1534

Кентаулық Гауһар Шәймерден су тасқыны кезінде зардап шеккен құлсарылық тұрғындарға өзінің жинап жүрген ақшасын жіберген, деп хабарлады turkystan.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны кезінде Гауһар Шәймерден «Хабар» арнасының студиясында қонақта болды. Елдегі жағдайға бей-жай қарамаған оқушыға телеарна атынан смартфон сыйға тартылды.

- Сол уақытта қатты ауырып, ауруханада жатқан едім. Құлсарыдағы жағдайды телефоннан көрдім. Ертеңіне ауруханадан шыққанда, Кентауда Құлсарыға гуманитарлық көмек жиналып жатқанын естідім. Телефон аламын деп жинап жүрген ақшамды Құлсарыға көмек ретінде бергім келді. Себебі Құлсарыдағы жағдайды көріп қатты уайымдадым. Бұл туралы ойымды анама айтып едім, ол қарсы болмады. Анам екеуміз апарып бердік. Ішіне хат жазып, құлсарылық достарыма тілеулес екенімді жаздым. Ал бүгін маған арманымдағы телефонды сыйлады, шын қуанып тұрмын, - деді жасөспірім.

Серіктес жаңалықтары