Қарағанды облысында 172 ауыл су астында қалуы мүмкін

Қарағанды облысында 172 ауыл су астында қалуы мүмкін

Қарағанды облысында 172 ауыл су астында қалуы мүмкін
ашық дереккөзі
Қарағандыда 172 елді мекенді су басу қаупі бар деп хабарлайды 24.kz. Тасқын қаупі бар аумақтарда  29 мыңға жуық халық тұрады. Сондықтан сақтық шараларын күшейту керек. Бүгін құтқарушылар дайындықтарын тағы бір мәрте пысықтады. Оқу-жаттығу барысында төтенше жағдай қызметінің мамандары Баймырза өзенінің мұзын жарып, тағы бірнеше өзеннің арнасын тазалады. Сонымен бірге су қоймаларының техникалық жағдайын тексерді. Қазіргі күні облыста ірілі-ұсақты 228 су қоймасы болса, соның 50-і елді мекендегі жол маңында орналасқан. Төтенше жағдай қызметі тасқын бола қалған жағдайда құтқару жұмыстарына тас түйін әзірміз дейді. Оқу-жаттығуға барлығы 70 техника мен 260 адам жұмылдырылды. Нұрмұхамбет Әбдібеков, облыс әкімі: - Биыл қар суы жылдағыдан көп болады деп болжанып отыр. Сондықтан су басу қаупі бар. Біз қазірден қамданып жатырмыз. Бөгеттер салып, өзен арналарын аршыдық. 2015 жылғы апаттың қайталануына жол бермеуіміз керек.