953
Павлодар облысында прокуратура қызметкері өлі күйінде табылды
Оның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Павлодар облысында аудандық прокуратура қызметкері өлі күйінде табылды, деп хабарлады turkystan.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сенсек, ер адам өз-өзіне қол жұмсағанға ұқсайды. Ал оның денесін әріптесі тауып алған.
Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Павлодар облысының прокуратурасы Баянауыл аудандық прокуратурасы қызметкерінің өліміне қатысты полиция департаментімен ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлайды», - деп жазылған хабарламада.