Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады

Президентке сот жүйесін реформалауға қатысты бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы жайында айтылды.

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады
Сурет: Ақорда
684

Мемлекет басшысына елімізде әділ сот төрелігін қамтамасыз ету мәселелері туралы баяндалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Асламбек Мерғалиев сот ісіне жасанды интеллект пен роботизация элементтері бар IT-cервистердің енгізілуі жөнінде мәлімет берді. Бұл шара соттар қызметіндегі ашықтық пен әділ сот төрелігіне ықпал етеді.

Мемлекет басшысы сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың сапасына және істерді қарау кезінде соттың барлық сатысында заңдылықты сақтау мәселесіне айрықша назар аударды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев сот қызметіне ақпараттық технологияларды енгізу жұмыстарын жалғастыру маңызды екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары