Қайрат Нұртас әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ВИДЕО)

Алматы полиция департаменті Қайрат Нұртастың жазаланғанын хабарлады.

Қайрат Нұртас әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ВИДЕО)
коллаж: turkystan.kz

Белгілі қазақстандық әнші Қайрат Нұртас қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Сәуірдің 29-ы күні әншінің көлік тізгіндеген видеосы желіде тараған болатын. Кадрлардан оның қауіпсіздік белдігін тақпағаны байқалады.

«Құқық бұзушыға қатысты шара қолданылды, ол көлікті қауіпсіздік белдігін тақпай басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ӘҚБтК-нің 593-бабы, 2-бөлімі), - деп жазылған полиция департаменті таратқан хабарламада.