«Адасқан діншілдер»: Жаңаөзендік жастардың тойханадағы ісі елді шулатты

Жас жұбайлардың тойын желі қолданушылары қызу талқылап жатыр.

«Адасқан діншілдер»: Жаңаөзендік жастардың тойханадағы ісі елді шулатты
коллаж: qaz.ulysmedia.kz

Әлеуметтік желіде Жаңаөзен қаласында болған өзгеше тойдың видеосы тарады. Бейнежазбадан жас жұбайлардың ортаға жар-жар әнінің орнына оқылған құранның сүресімен шыққанын көруге болады, деп жазды turkystan.kz.

Сондай-ақ тойға жиналған әйелдер мен ерлер екіге бөлініп, намаз оқыған.

Желі қолданушылары той иелерін «адасқан діншілдер» деп атап, оларға намазды мешітте оқуға кеңес берген.

«Беті аулақ, не істерлерін білмей жатыр», «Болашағымыз қандай болады? қҚрқынышты», «Алланы әбден мазақ етті», «Құран бұларға мазақ болды ғой, құдай төбелерінен қос қолдап ұрса екен», «Мешітте жасамай ма тойды, ресторан таза жер емес қой», «Намазды үйде немесе мешітте оқу керек», — деп жазды желі қолданушылары.