779
СҚО-да бір үйдің екі баласы суицид жасады
Қазір өз-өзіне қол салуға дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Солтүстік Қазақстан облысында бір үйдің екі бірдей баласы асылып қалды, деп хабарлады turkystan.kz.
Kazinform.kz сайтының мәліметінше, оқиға Айыртау ауданында болған. 28 сәуір күні 22 жастағы келіншек қораға барып асылып қалған. Мұны көрген оның 17 жастағы інісі орманға кетіп, ол да өзіне қол салған.
«Айыртау аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне ауданның екі тұрғыны суицид жасады деген хабарлама түсті. Қазір өз-өзіне қол салуға дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», - деді СҚО полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.
Келіншектің артында 1,5 жастағы баласы қалды.