Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

Тестілеудің өзі 16 мамырдан 5 шілдеге дейін өтеді.

Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды
satbayev.university

Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау14 мамырға дейін жалғасады. ҰБТ-ға қатысу үшін http://app.testcenter.kz сайтында тіркеуден өтуге болады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, тестілеудің өзі 16 мамырдан 5 шілдеге дейін өтеді. Бұл ретте талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен гранттарды тағайындау конкурсына қатыса алады.

«Бұған дейін министр Асхат Аймағамбетов түлектерге жолдаған хатында талапкерлерге тиімді шешім қабылданғанын мәлімдеген болатын. Енді олар ҰБТ тапсыруға және грантқа түсуге екі мүмкіндік алды. Сонымен қатар бір бейінді пәндердің комбинациясын екі рет таңдауға болады», - деп түсіндірді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.