Бишімбаев сотқа келмеді: Сот отырысы кейінге шегерілді

Жарыссөз түстен кейін жалғасатын болды.

Бишімбаев сотқа келмеді: Сот отырысы кейінге шегерілді
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі
2129

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша жарыссөз бүгін сағат 14.30-ға шегерілді.

Сотталушылар Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжанов конвой қызметінде мәселе туындағандықтан, сотқа жеткізілмеді, деп түсіндірді судья Айжан Құлбаева. Сондықтан іс бойынша жарыссөз түстен кейін жалғасатын болды.

Судья Айжан Құлбаеваның айтуынша, жарыссөз 29 және 30 сәуірде, 2 және 3 мамырда өтеді, қажет болған жағдайда 4 мамырда жалғасады.

Айта кетері, Қуандық Бишімбаевтың соты бойынша алқабилер үкім шығарады. Барлығы 12 алқаби бар, оның 10-ы негізгі, екеуі қосалқы. Олар 300 үміткердің арасынан таңдалды.

Қуандық Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылды: аса қатыгездікпен кісі өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру); қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру).

Серіктес жаңалықтары