«Оқиға орнында көз жұмды»: СҚО-да полиция қызметкерін көлікпен қағып кеткен

Аталмыш фактіге қатысты СҚО полиция департаменті пікір білдірді.

«Оқиға орнында көз жұмды»: СҚО-да полиция қызметкерін көлікпен қағып кеткен
instagram/103_astana_kz
1062

28 сәуірде Петропавлда облыстық полиция департаменті жетінші басқармасының басшысын көлікпен қағып, мерт қылғаны туралы ақпарат тарады.

Полиция қызметкері қаза болғаны туралы мәлімет Telegram-дағы Egov.press арнасында жарияланды. Хабарламада Петропавл қаласында облыстық полиция департаментінің жетінші басқармасының бастығын көлік қағып, мерт қылғаны айтылған. Көптеген жарақаты бар полицейдің денесі қаладағы дәмханалардың бірінің жанынан табылған.

Бұл жайтқа Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді.

«Сәуірдің 28-і күні республикалық маңызы бар Челябі – Новосибирск тасжолында 48 жастағы полиция қызметкерін көлік қағып кетіп, ол алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды.

Қазір жол-көлік оқиғасын жасаған көлік жүргізушісін анықтауға бағытталған жедел іздестіру шаралары жүргізілуде», - делінген полиция өкілдерінің мәлімдемесінде.

Сондай-ақ СҚО полиция департаментінің өкілдері көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары