«Алматы – Петропавл» бағытындағы пойыз вагондары жаңартылды

Компанияның мәліметінше вагондар ауаны баптау жүйесімен, ауаны тазарту сүзгілерімен, түтін датчиктерімен, сондай-ақ тамбурлардағы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған

«Алматы – Петропавл» бағытындағы пойыз вагондары жаңартылды
Instagram/railways.kz
893

«Алматы – Петропавл» бағытында қатынайтын жолаушылар пойызында 12 вагон жаңасына ауыстырылды, деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Тасымалдаушы – «Түрксіб Астана» ЖШС.

«Сонымен бірге тағы 10 жолаушылар вагоны жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Жолаушылар вагондары «ЗИКСТО» АҚ отандық зауытында жасалған», - делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше вагондар ауаны баптау жүйесімен, ауаны тазарту сүзгілерімен, түтін датчиктерімен, биодәретханалармен, сондай-ақ тамбурлардағы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Купеде электр розеткалары мен USB қосқыштары бар.

Серіктес жаңалықтары