Қарағандылық әйелдің өлімі: полицейлерге қатысты қызметтік тергеу басталды

Қылмыстық оқиғаға қатысты Қарағанды облысы ПД бастығы Негмет Исмағұлов түсініктеме берді

Қарағандылық әйелдің өлімі: полицейлерге қатысты қызметтік тергеу басталды
Коллаж: turkystan.kz
788

Қарағандыда күйеуі балаларының көзінше анасын өлтірген дерек бойынша полицейлерге қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі. Бұған дейін полиция оқиға алдында шақырылғаны және күдіктіні ұстау кезінде де немқұрайлылық танытқаны айтылған еді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл қылмыстық оқиғаға қатысты Қарағанды облысы ПД бастығы Негмет Исмағұлов түсініктеме берді. Ол оқиға орнында болған полицейлерге қатысты қызметтік тергеу басталғанын мәлімдеді.

«Полиция қызметкерлеріне, сондай-ақ олардың басшылығына қатысты қызметтік тергеу жүргізілуде. Нәтижелері бойынша ең қатаң шаралар қабылданатын болады. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық жағдайлары анықталады. Қылмыстық істі тергеу барысы менің жеке бақылауымда», - деді Исмағұлов.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда ер адам бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікке ілінген болатын. Құқық қорғаушы Серік Беркамалов әлеуметтік желілерде бұрынғы әйелін екі кәмелетке толмаған баланың көзінше жарақаттағанын жазды. Күдікті мен жәбірленуші 10 жылдан астам уақыт бұрын ажырасқан, бірақ ер адам бұрынғы әйелінің артынан қалмаған. Кісі өлтіру түнінде марқұмның балалары полицияға қоңырау шалған, бірақ тәртіп сақшылары дебоширге тек қорғаныс нұсқамасын жазып, оны марқұмның пәтерінде қалдырған.

 

Серіктес жаңалықтары