Ат спортынан әлем кубогі: Қазақстан құрамасы екі жүлде жеңіп алды

Жарысқа барлығы 50 спортшы қатысып жатыр.

Ат спортынан әлем кубогі: Қазақстан құрамасы екі жүлде жеңіп алды
Спорттты дамыту дирекциясы

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан конкурдан әлем кубогі кезеңінде ел құрамасы 2 күміс жүлде алды.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін командалық маршрут саналатын Ұлттар кубогі сапында Ксения Баталова, Ержан Мағжаев, Ясмин Ибрагимова және Шыңғыс Маликаждар сынды спортшылар бар Қазақстан құрамасы екінші орынға ие болды.

Бұл сында Өзбекстан командасы жеңімпаз атанса, Қырғызстаннан келген шабандоздар үштікті түйіндеді.

Ал жеке жарыстар сайысында кедергілерді еңсеруде N6 бағдарында Ұлттық құрама спортшысы Ясмин Ибрагимова күміс жүлде жеңіп алды. Ол 130 см биіктіктегі кедергілерді Quattro VDB лақап атты жылқымен жүріп өтті.

Айта кетейік, әлем кубогі кезеңіне барлығы 50 спортшы қатысып жатыр.