«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Райымбек Баталов «Хабар» телеарнасындағы «Национальный интерес» жобасында қонақта болды, деп хабарлады turkystan.kz.
"Біз бүгін еліміздің бизнес саласында болып жатқан өзекті мәселелерді талқыладық. Республиканың бірнеше облысында болған су тасқыны қарапайым тұрғындармен қатар, шағын және орта бизнес өкілдеріне де айтарлықтай шығын алып келгенін білесіздер. Сұхбат барысында табиғи апаттан кейін өңірлерде бизнесті аяққа тұрғызу, мемлекет және біздің Палата тарапынан атқарылатын жұмыстар туралы сөз қозғадық. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамытуда кездесетін кедергілер мен оларды жоюдың жолдары, салық кодексіндегі кемшіліктер жайында да сұрақтарға жауап бердім!", - деді Райымбек Баталов.