Ақтөбеде Қазақстан футбол федерациясының штаб-пәтері ашылады

Алдағы уақытта Ақтөбе отандық кадрларды дайындаудың озық өлкесіне айналады.

Ақтөбеде Қазақстан футбол федерациясының штаб-пәтері ашылады
Фото: ФК "Актобе"

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов Ақтөбе қаласына арнайы сапарымен келді, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол облыс әкімінің орынбасары – «Ақтөбе» футбол клубының Директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Елеуовпен бірге аймақтың футбол активімен кездесті.

Басқосуға ANTEQ ұйымының мүшелері, «Ақтөбе» ФК қызметкерлері, жаттықтырушылар мен футбол ардагерлері қатысты.

Шара барысында федерация президенті Қазақстан футболының даму стратегиясын таныстырып, шаһарымызда ҚФФ-ның штаб-пәтері орналасатынын жеткізді.

Кездесу барысында Ғалымжан Елеуов келген қонаққа алғыс білдіріп, жергілікті менеджменттің дамуына бірлесе атсалысуға қолғабыс ететінін алға тартты.