Қуат Хамитов су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді

Бұл туралы танымал жекпе-жек шебері өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді.

Қуат Хамитов су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді
Esquire.kz

Қазақстандық ММА шебері Қуат Хамитов (24-8-1) Атырау облысында тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жіберіп, көмектесті.

«Алланың разылығы үшін, өзімнің атымнан Атырау облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жібердім. Қай елде болмасам да, халқыммен әр дайым біргемін», - деп жазды спортшы Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, ол өзінің видео үндеуінде тасқыннан зардап шеккен басқа да облыстарға қолұшын беруге дайын екенін айтты.

«Елде болсам, Құлсарыға барып қызмет етуге болатын еді. Өкінішке қарай, қазір шетелде дайындықта жүрмін. Сондықтан аз болса да халқыма, еліме пайдам тисін деп өз атымнан гуманитарлық көмек жіберіп жатырмын», - деді Қ.Хамитов.