«Қалыңмалға 20 млн теңге»: Әнші Балжан Бидаш қай өңірге келін болатынын айтты

Бұған дейін жарымен ажырасқан Балжан Бидаш қайтадан тұрмысқа шығуға ниетті екенін байқатты.

«Қалыңмалға 20 млн теңге»: Әнші Балжан Бидаш қай өңірге келін болатынын айтты
Фото: instagram/bidash_official

Әнші өзіне қатысты жаңалықпен Instagram парақшасында бөлісті. Балжан Бидаш кішкентай баламен құшақтасып келе жатқан видеосын жариялаған. Сондай-ақ Шымкентке келін болып қалатынын жазған, деп хабарлады turkystan.kz.

"Шымкент қаласына сіңлімнің ұзату тойына қонақ болып келдім. Осында келін болып қалатын болдым. Қалыңмалға 20 млн теңге береміз дейді. Аз ба? Көп пе?", - деп жазды өнер иесі.

Оның әзіл ретінде түсірген видеосы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Тек содан кейін ғана Балжан Бидаш жазбасының қалжың екенін айтты.

"Шымкенттіктер алып қашпай тұрғанда қайтайын", - деп жазды ол.