Композитор Ғазизхан Шекербеков марқұм Салтанат Нүкеноваға ән арнады

Көпшілікке өнер иесінің «Әттең» әні дәл марқұмға арналғандай әсер қалдырған.

Композитор Ғазизхан Шекербеков марқұм Салтанат Нүкеноваға ән арнады
скриншот

Танымал эстрада жұлдызы Ғазизхан Шекербеков Instagram желісіне Салтанат Нүкенованың видеосын жариялап, тыңдармандарының жүрегін елжіретті. Көпшілікке «Әттең» әні дәл марқұмға арналғандай әсер қалдырды.

Ғазизханның сөзінше, видеоны тыңдарманның бірі дайындаған.

«Мына әніңіз осы жағдайды дәл суреттегендей» деп бір тыңдарманым жасаған екен. Әлемде әділдік орнаса екен», - деп жазды әншінің өзі.