Көктөбедегі телемұнараға найзағай түсті (ВИДЕО)

Ерекше сәт фотограф Александр Шаваревтің кадрына іліккен.

Көктөбедегі телемұнараға найзағай түсті (ВИДЕО)
Видеодан алынған скриншот

Бүгін Алматы қаласында жауын жауды. Нөсер кезінде телемұнараға жай түскен, деп хабарлады turkystan.kz.

Фотограф Александр Шаварев сәтті кадрды әлеуметтік желіге жүктеген. 

Айта кетейік, синоптиктер еліміздің мәдени астанасында алдағы төрт күн бойы жаңбыр жауатынын болжап отыр.