Актер Қайрат Әділгерей сырт келбетіне айтылатын сынға жауап берді

Өнер иесі көпшілікке бұл кинодағы образы екенін түсіндірген.

Актер Қайрат Әділгерей сырт келбетіне айтылатын сынға жауап берді
instagram.com/kairat_adilgerey

Танымал актер Қайрат Әділгерей осыдан біраз уақыт бұрын шашын сары түске бояған болатын. Өнер иесі REVUE NEWS бағдарламасында сырт келбетіне айтылып жатқан сынға пікір білдірді.

«Мен бұған дейін өмірімде шаш бояған адам емеспін. Шашты сарыға бояған, күйдірген қиын екен. Іштей қынжылдым. Өйткені, шашымды қайта қалпына келтіру үшін үш рет боядым.

Әлеуметтік желіге жариялағанда «Жетіскен екенсің», «Албасты», «Жетпегені сол еді», «Сені үлгі тұтып жүрсек» деген теріс пікірлер болды», - деді Қайрат Әділгерей.

 Бағдарлама мәліметіне сүйенсек, хейттен кейін актер әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, көпшілікке бұл кинодағы образы екенін түсіндірген.