694
Елімізге Тәжікстаннан тағы 2,5 мың тонна гуманитарлық көмек келді
Көрші мемлекет әртүрлі құрылыс материалдары бар бірнеше вагон жіберген.
Ақтөбеге кезекті гуманитарлық көмек келді. Бұл жолы Тәжікстан Республикасы қолдау көрсетті. Көрші мемлекет әртүрлі құрылыс материалдары бар бірнеше вагон жіберген.
Тәжікстан Үкіметі табиғи апаттан зардап шеккен еліміздің тоғыз облысына 50 вагон гуманитарлық көмек жеткізді. Жүктің жалпы салмағы 2 518 тоннаны құрайды.
Ақтөбе облысына 9 вагон бөлінді, оның ішінде 27 360 литр ауыз суы, 5400 дана асбест-цемент шифері, 60 тонна шеге, 70 тонна ағаш материал, 240 тонна цемент бар.
Бұл көмек су тасқыны салдарынан зардап шеккен отбасыларға қолдау ретінде бағытталып отыр.
Айта кетейік, гуманитарлық көмекті қабылдау мен түсіруге әскери қызметшілер жұмылдырылды.