Қазнетте 35 мыңға жуық қатысушысы бар есірткі сататын 3 ірі алаң анықталды

Талдау көрсеткендей, тұтынушылардың 50%-дан астамы Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысына тиесілі.

Қазнетте 35 мыңға жуық қатысушысы бар есірткі сататын 3 ірі алаң анықталды
pixabay
710

ҚМА есірткі құралдары мен прекурсорлардың таралуы тұрғысынан Telegram мессенджерінің арналары, әлеуметтік желілер мен хабарландыру сервистері қамтылған жаһандық желіге мониторинг жүргізуде.

Мессенджерлердегі 300-ге жуық арна, тыйым салынған заттар сатылатын 4 ірі Darknet маркетплейс көзге түсті.

Ел аумағында Telegram арналары арқылы есірткі және психотроптық заттарды тұрақты негізде жарнамалаумен және сатумен айналысқан 80 пайдаланушының жеке басы анықталды.

Интернет-кеңістіктің Қазақстандық сегментіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде 35 мыңға жуық қатысушысы бар есірткі сататын 3 ірі алаң, 
есірткі заттарынының әлеуетті тұтынушылары болып табылатын 10 мыңға жуық адамның жеке басы анықталды.

Талдау көрсеткендей, тұтынушылардың 50%-дан астамы Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысына тиесілі.
Агенттік өткен жылы айналымы 25,6 млрд теңгені құрайтын 36 есірткі дүкенін анықтады.

Биыл Telegram мессенджерінде 60 есірткі арнасына тиесілі 59 карт-шот анықталды.

Қаржылық барлау бөлімшесінің алдын ала талдау қорытындысы бойынша аталған дүкендердегі ақша қаражатының жалпы айналымы 3 млрд теңгені құрады.

Айналымы 82 млн теңгені құрайтын есірткі дүкендерінің бірі бойынша материалдар ІІМ-ге жолданды.

Серіктес жаңалықтары