673
Дзюдодан Қазақстан құрамасы командалық сында қола медаль жеңіп алды
Біздің спортшылар жартылай финалда Жапонияға есе жіберген болатын.
Гонконгта өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде Қазақстан командасы бір қола медаль еншіледі, деп хабарлады turkystan.kz.
Bassport.kz сайтының мәліметінше, командалық сында Қазақстан Түркменстанды 4:2 есебімен жеңіп, қола медаль жеңіп алды.
Біздің спортшылар жартылай финалда Жапонияға есе жіберген болатын.
Ал жекелей сында отандық дзюдошылар үш қолаға қол жеткізді. Атап айтар болсақ, Ғалия Тынбаева (48 келі), Эсмигуль Куюлова (63 келі) және Жанарыс Рахметқали (66 келі) үздіктер қатарынан орын алған.