685
Ел құрамасы ескек есуден Азия кубогінде 2 алтын ұтып алды
Арслан Сексен, Арыстан Айбеков, Тимур Фомичев секілді ескекшілерден құралған топ үздік шықты.
Оңтүстік Кореяда академиялық ескек есуден Азия кубогінде ел құрамасы 2 алтын ұтып алып алды, деп хабарлады turkystan.kz Хабар24-ке сілтеме жасап.
Қазақстан әйелдер құрамасы алғаш рет топ жарды. Бұл сайыста Мелани Жакупова, Валентина Волкодавова, Екатерина Носкова және Елизавета Шлейн төрттігі жеңіс тұғырына көтерілді. Жігіттеріміз де ептілік танытып, намысты қолдан бермеді.
Ерлер арасындағы жарыста Арслан Сексен, Арыстан Айбеков, Тимур Фомичев секілді ескекшілерден құралған топ үздік шықты.
Шынымды айтсам, бірінші болып келеміз деп ойламаған едім. Осы спортпен айналысқаныма 3 жыл болды. Бұл жеке өзім үшін үлкен жетістік, - деді академиялық ескек есуден ҚР құрамасының мүшесі Екатерина Носкова.