Алматыда 10 жастағы ер баланы зорламақ болған күдікті ұсталды
Мұның барлығы тұрғын үй кешенінің бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
20 сәуір күні Алматыда 10 жастағы баланы зорламақ болып, іш киіміне қол жүгірткен ер адам ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz informburo-ға сілтеме жасап.
Мәлім болғандай, тұрғын үйдің біріндегі пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізген ер азамат аулада ойнап жүрген 10 жастағы баланы үйге алдап кіргізіп, азғындық жасаған. Көмек қолын созуға барған бала психологиялық көмекке мұқтаж болып қалған.
Ата-анасының айтуынша, аулада достарымен ойнап жүрген 4 сыныптың оқушысын, көрші подъезден келген бейтаныс адам қоқыс шығарысып жіберуге шақырыпты. Ойында ештеңе жоқ ойын баласы келісімін беріп үйіне кірген. Мұның барлығы тұрғын үй кешенінің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бірақ, бірер минуттан кейін көмекке барған баланың жанұшыра сыртқа қарай қашқан. Қол-аяғы дірілдеп келген оқушы, анасына болған мән-жәйды әрең айтып түсіндірген.
Ал қалалық полиция департаментінің мамандары күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.
«Зорлау сипаттағы әрекеттерді жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті азамат ұсталды. Қылмыстық істің айналасында тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Болған қылмыстық істің мән-жайы анықталуда», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.