Су тасқыны: Жалған ақпарат таратқан петропавлдық жауапқа тартылды
Қала тұрғыны өз кінәсін мойындады.
СҚО-да полицейлер жалған ақпарат таратқан петропавлдықты жауапқа тартты, деп хабарлады turkystan.kz.
21 сәуір күні полицейлер Instagram желісінде Сергеев су қоймасы көрсетілген бейнематериалды анықтады.
«Видеода қоймадағы судың арнасынан асып төгілуі 4 метрді құрағаны айтылған. Шын мәнінде, аталған қоймадағы судың биіктігі әлдеқайда азайған. Осылайша, автор судың шынайы деңгейін бұрмалап, жалған ақпарат таратқан. Ол 25 жастағы петропавлдық болып шықты», - делінген ІІМ-нің хабарламасында.
Оның сөзінше, бұл ақпаратты сол жерде бейнеконтент түсіріп жатқан бейтаныс адамның сөздерінен естіген. Қала тұрғыны өз кінәсін мойындады.
Полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабына сәйкес жеке тұлғалар үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл көзделгенін еске салады.