«Жел ұшырып әкеткен»: Жетісу облысында жоғалып кеткен балықшы табылды

Құтқарушылар балықшыны Лепсі ауылына жеткізді

«Жел ұшырып әкеткен»: Жетісу облысында жоғалып кеткен балықшы табылды
ТЖМ баспасөз қызметі

Жетісу облысы жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жоғалып кеткен балықшыны Балқаш көлі Борлы шығанағында тауып алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ер адамды қайықпен балық аулау кезінде күшейген жел қамыс арасына ұшырып әкеткен.

«Құтқарушылар балықшыны Лепсі ауылына жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ», - делінген ТЖМ хабарламасында.