1013
ҰҚК мамандары Бишібаевтың телефонының құпиясөзін аша алмаған
Бұл туралы сотта судья Айжан Көлбаева айтты
ҰҚК қызметкерлері Қуандық Бишімбаевтың телефонындағы құпиясөзді аша алмаған. Бұл туралы сотта судья Айжан Көлбаева айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Ұялы телефон заттай дәлел ретінде танылды. Сотқа дейінгі тергеу барысында ҚР ҰҚК бесінші қызметінің 12-ші департаменті зерттеу жүргізді. iPhone 13 Pro Max ұялы телефонына алты таңбалы құпиясөз орнатылған, парольді қолда бар техникалық құралдармен айналып өту мүмкін болмады деген қорытынды берілді», - деді судья Айжан Көлбаева.