Тұрғын үйдің паркингінде 13 жастағы қызды зорлаған күдікті ұсталды
Аталған жағдайға Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
Алматыдағы тұрғын үйдің паркингінде 13 жасар қыз зорланған, деп хабарлады turkystan.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Оқиға "Комфорт сити" тұрғын үй кешенінде болған. Тұрғындардың айтуынша, ер адам ТК-де жөндеу жұмыстарын жасаған.
20 сәуір күні "Комфорт сити" тұрғын үй кешенінің паркингінде 13 жасар қызды зорлап кеткен. Тұрғындар шу шығарып, ақ футболка киген күдікті жігітті өздері іздей бастады. Ер адам пәтерлердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, паркингте қылмыс жасаған, – делігнен жазбада.
Аталған жағдайға Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жағдай анықталып жатыр, – дейді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.