Рыбакина алғаш рет Штутгарт турнирінің чемпионы атанды

Ол финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңді

Рыбакина алғаш рет Штутгарт турнирінің чемпионы атанды
ktf.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Штутгард қаласындағы WTA-500 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңді. 

Ал жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы, Штутгардтағы турнирді екі рет жеңген Ига Швантектен (Польша) үш сетте басым түскен.