Дзюдодан АЧ: ел қоржынына үшінші қола медаль түсті

21 жастағы Куюлова үшін бұл - ересектер арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы медалі

Дзюдодан АЧ: ел қоржынына үшінші қола медаль түсті
Оlympic.kz

Эсмигуль Куюлова Гонконгта дзюдодан өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұбаныш раундында жеңіске жетіп, қола медальға таласу мүмкіндігіне ие болды. 

Куюлова түркімен балуаны Зульхимар Дашкиновамен күш сынасып, жарыстың аяқталуына соңғы секундтар қалғанда иппон рәсімдеп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.