Лицензиялық турнир: бүгін бозкілемге кімдер шығады

Жолдама сарапқа салатын финалдық белдесулер 17:00-ге жоспарланған

Лицензиялық турнир: бүгін бозкілемге кімдер шығады
Қазақстан күрес түрлері федерациясы

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық турнирде бүгін грек-рим күресінің шеберлері Париж Олимпиадасының жолдамаларына таласады, деп хабарлады turkystan.kz.

Kazinform агенттігінің мәліметінше, аталған турнирде грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының 12 жолдамасы сарапқа салынады.

Жарыс жолына шығатын қазақстандық балуандар:
60 келі - Айдос Сұлтанғали
67 келі - Мейіржан Шермағанбет
77 келі - Демеу Жадраев
97 келі - Олжас Сырлыбай
130 келі - Әлімхан Сыздықов.

Алғашқы іріктеу сындары Астана уақытмен 09:30 да басталады. Ал жолдама сарапқа салатын финалдық белдесулер 17:00-ге жоспарланған.