Рыбакина Штутгарттағы турнирде әлемнің 1-ракеткасын жеңіп, финалға шықты

Қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті 6:3, 4:6, 6:3 есебімен жеңді

Рыбакина Штутгарттағы турнирде әлемнің 1-ракеткасын жеңіп, финалға шықты
Jimmie48 Photography, WTA

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінің финалына шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Үш сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты ойында қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті 6:3, 4:6, 6:3 есебімен жеңді.

Елена Рыбакина финалда чехиялық Маркета Вондроушова немесе украиналық Марта Костюктің біреуімен чемпиондық атақты сарапқа салады.