Жаңбыр қарға ұласады: келесі аптаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 3%-ды құрайды

Жаңбыр қарға ұласады: келесі аптаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Тheguardian.com
1053

Синоптиктер болжамынша, 20-26 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп жазады turkystan.kz.

20, 22-24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, 25-26 сәуірде Қостанай, Павлодар облыстарында, 25 сәуірде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Абай облыстарында жаңбыр қарға ұласады. 23, 25 сәуірде Жамбыл облысында, 26 сәуірде Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында қатты жаңбыр жауады деген болжам бар, - деді «Қазгидромет» РМК  баспасөз хатшысы Алина Исмагулова.

Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 3%-ды құрайды. Қар жамылғысы негізінен Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Түркістан, Алматы мен Жетісу облыстарының жыраларында, орманды және таулы аймақтарында сақталған.

Серіктес жаңалықтары