925
Ғалия Тынбаева дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Әйелдер арасында 48 келі салмақтағы қола медальға Ғалия Тынбаева мен Әбиба Әбужақынова таласқан болатын
Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлады turkystan.kz.
Olympic.kz сайтының мәліметінше, әйелдер арасында 48 келі салмақтағы қола медальға Ғалия Тынбаева мен Әбиба Әбужақынова таласқан болатын.
Кездесуде Тынбаева жеңіске жетіп, құрлық додасында үздік үштікке енді.
Ал биылғы маусымда қатысқан барлық жарысында жүлде алған Әбиба Әбужақынова Азия чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.