771
Өскеменде пара алған полицей 3 жарым млн теңге айыппұл төлейді
Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындап, істегеніне қатты өкінетіндігін білдірді
Өскемен қаласында пара алған полиция қызметкері 3 жарым млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.
Қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицей айып тұрағына қойылған автокөліктерді қабылдау-тапсыру актілерін және алуға рұқсаттарды заңсыз бергені үшін 100 000 теңге көлемінде пара алған.
Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындап, істегеніне қатты өкінетіндігін білдірді. Істі жеңілдететін мән-жай ретінде оның қарауында кәмелетке толмаған балаларының бары да ескерілді.
Сот шешімімен полиция қызметкеріне 3 500 000 теңге айыппұл салынды. Ол полиция подполковнигі шенінен айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, - делінген ақпаратта.