Қырғыз елінің полицейлері қазақстандық әріптестеріне 50 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Бұған дейін Қырғыз елі 300 тонна жүк , 14 сәуірде 150 тонна сүт өнімдерінен тұратын «Жәрдем керуені» гуманитарлық көмек жіберген болатын.

Қырғыз елінің полицейлері қазақстандық әріптестеріне 50 тонна гуманитарлық көмек жіберді
Қырғыз Республикасы ІІМ
814

Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрлігі алапат су тасқынымен күресіп жатқан Қазақстан Республикасына 50 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді.

Қырғыз Республикасы ІІМ хабарлауынша, қазақстандық полицейлерге жіберілген гуманитарлық жүк қажетті заттар, дәрі-дәрмектер, резеңке етік, дизельді және электр генераторлары, үрлемелі қайықтар, шатырлар, матрацтар, тамақ өнімдері, көрпе-жастық, төсек-орын түрінде жіберілген.

Бұл бастама дағдарыс кезінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты қолдаудың бір бөлігі болды. Біздің Қазақстанмен ынтымақтастығымыздың тарихы әріден басталады және мұндай сәттерде бір-бірімізге қолдау көрсету маңызды. Бұл гуманитарлық көмек табиғи апат салдарымен күресіп жатқандарға жеңілдік әкеліп, зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіруге көмектеседі деп үміттенеміз», - деп атап өтті ведомстводан.

Еске салсақ, 6 сәуірде Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың тапсырмасымен Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен аймақтары үшін Қырғызстан бауырлас Қазақстанға 300 тонна гуманитарлық жүк тиелген 15 жүк көлігін жөнелткен болатын. 14 сәуірде Қырғызстанда өндірілген 150 тонна сүт өнімдерінен тұратын «Жәрдем керуені» гуманитарлық жүгінің екінші партиясы жөнелтілді.

 

Серіктес жаңалықтары