Туған күнін перғауын стилінде тойлаған ер адамның әрекеті желіде қызу талқыға түсті

Желі қолданушылары жарыса пікір қалдыруда.

Туған күнін перғауын стилінде тойлаған ер адамның әрекеті желіде қызу талқыға түсті
ernur.kz
920

Жаңаөзенде 50 жасын перғауын образында тойлаған ер адам әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлады turkystan.kz mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, мерекелік шара Жаңаөзен қаласында өткен.

Желіде тез тараған бейнежазбада перғауын стилінде киініп таққа отырған ер адамды 6 жігіт көтеріп жүр. Туған күнге келген өзге қонақтар да перғауын заманындағыдай киімді таңдаған.

Желі қолданушылары жарыса пікір қалдыруда.

«50-ге келседе, 50 грамм ми бермепті», «Жалпы өзі Фараонның кім екенін біле ме?», «Қазақтың ханың сомдасаң болар еді», «Біреу тойып, біреу тоңып секіреді»

Серіктес жаңалықтары