Павлодарлық полицей таеквондодан Азия чемпионы атанды

Азия чемпионатына 800-ге жуық атлет қатысқан.

Павлодарлық полицей таеквондодан Азия чемпионы атанды
770

Павлодарлық полицей Арман Әжібай Таразда ITF таэквондодан өткен Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz Policia.kz- телеграм арнасына сілтеме жасап.

800-ге жуық атлет бақ сынған бұл сайыста Арман барлық жекпе-жекте жеңіске жеткен. 

– Финалда татамиде мен Қырғызстан өкілімен шықтым. Ең мықты балуандардың бірінен реванш алғым келді. Жеңіске бар күшімді салдым. Маған қолдау білдіргендердің бәріне алғысымды білдіремін. Жаттықтырушым Елдос Аманжоловтың дайындыққа ерекше назар аударуының арқасында біз жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп жатырмыз, – деп атап өтті Әжібай.

Серіктес жаңалықтары