5 облыстағы республикалық 11 жолда көлік қозғалысы шектелді

ҚазАвтоЖол республикалық маңызы бар жолдардағы су тасқыны жағдайы туралы ақпаратты таратты.

5 облыстағы республикалық 11 жолда көлік қозғалысы шектелді
AMANAT

15 сәуір сағат 09:00–дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында күннің жылынуы мен қардың еруіне байланысты 3 облыста жалпы ұзындығы 5280 метр 9 учаскеде еріген судың жол жиегінен шығып кету оқиғалары тіркелген. (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы).

«Еліміздің 5 облысында (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы) ұзындығы 421 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар 11 жолда көлік қозғалысы шектелді», — делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта республикалық жолдарда 417 бірлік техника мен 523 адам жұмыс істеп жатыр.