Су тасқыны басталғалы бері 100 мыңнан астам адам құтқарылды

Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарында 35 339 адам,  4 мыңнан астам техника, 14 әуе кемесі жұмылдырылды

Су тасқыны басталғалы бері 100 мыңнан астам адам құтқарылды
608

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте осындай мәліметтерді жария етті, деп жазады turkystan.kz.

Су тасқыны жағдайы туралы сағат 10:00-дегі ақпарат: су тасқыны басталғалы бері 107 119 адам, оның ішінде 38 457 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша орналасу пунктеріне 7 414 адам, оның ішінде 3 173 бала  орналасты, - деді спикер.

9,3 млн текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 1,9 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді. Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарында 35 339 адам,  4 мыңнан астам техника, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.

Осы сағатта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 4 870 жеке тұрғын үй, 1 264 аула аумағы және 2 035 саяжай үйлері су астында қалуда. 3 мыңнан астам тұрғын үй мен 2 мыңға жуық аула аумағынан су бұрылды, - деді ҚР ТЖМ өкілі.

Серіктес жаңалықтары