591
Бүгін елімізде жаңбыр жауып, жел тұрады
14 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды
«Қазгиромет» сәуірдің 14-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп жазады turkystan.kz.
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстан территориясының басым бөлігіне орай Қазақстанның басым бөлігінде күн жаңбырлы және желді болады. Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, еліміздің солтүстігінде түнгі сағаттарда жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады.
Тек республикамыздың шығысында антициклон жотасының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша найзағай, тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте дауыл күтіледі.